«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Мамандығым мақтанышым» тақырыбында Жас мамандардың шығармашылық концерті

 

Өткізген: Барлық жас мамандар

Жауапты: Карибаева А.М.,Қабден Қ.М.

 

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. «Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында. Осындай бастамамен мектебімізде жас мамандардың ұйымдастыруымен «Мамандығым мақтанышым» атты жылдағыдай жоспар бойынша  шығармашылық мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты- әр  жас маман өзінің қызмет етіп жүрген саласына байланысты, жан-жақты өнерлерін ортаға паш ету. Бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз аталған нөмерлер бойынша өнер көрсетті. Трио «Попури» орындағандар Карибаева А.М. Қабден Қ.М. Махмет Қ.Қ., Қ.Ахмедияров «Қосбасар-3» күйі орындағандар Қабден Қ.М. Махмет Қ.Қ., Қазанғап «Ақжелең» орындағандар Қабден Қ.М. Айдаров Н.Қ.Ән «Анашым» орындағандар Шайхин С.С. Мамбетов Е.А. Атақты ойшыл Әл Фараби “тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы” демекші, бойларына тәрбиені, ұлттық құндылықты сіңіре отырып, білімге, еңбекке баулысақ, ұлт болашағы жарқын болары сөзсіз. Мақсат – айқын, міндет – біреу: келешек ұлт болашағына, жастарымызға дұрыс тәрбиемен қоса, сапалы білім беру.

Қызығы да, қиындығы да қатар жүретін ұстаздық жолы – біздің мамандығымыз, біздің мақтанышымыз! деп кешті қорытындылады.

«Мамандығым мақтанышым »» атты іс-шараның өткендігі жөніндегі сілтемесі

https://www.instagram.com/p/Ca8ufXrqiJd/?utm_medium=copy_link