Биылғы балалар жылына арналып қаламызда ерекше шара өтті. Яғни, жыл басынан бері білім мен ғылым, өнер және спорт саласында халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардан жүлде әкелген оқушылар мен ұстаздарын марапаттауға арналған «Жеңімпаздар шеруі» болды.Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында өткен салтанатты жиында қала әкімі Әмірхан Біркенұлы  түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларды құттықтап, алда да еңбектеніп, биіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіріп, марапаттары табыс етті. Жетістікке жеткен оқушылардың жетекші, жаттықтырушылары да назардан тыс қалмай, салтанатты түрде марапатталды.Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі атынан қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болғандар: Әбдіқадыр Айшабике Олжасқызы. Жетекшісі - Қабден Қырмызы Меңдібайқызы.

Мейрамғалиева Айжан Мейрамғалиқызы.

Жетекшісі- Хасенова Райхан Мусиловна.

Қадыр Нұрәли Азаматұлы.

Жетекшісі- Жусупова Балым Сейтхановна.

Әріптестеріміз бен мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!