Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

Мектептің негізгі бағыты: бастауыш музыкалық білім беру.

Білім берудің басты мақсаты: оқушыларға бастауыш музыкалық білім беру арқылы шығармашылығын дамытып, өзін-өзі танытуға мүмкіндік жасай отырып, дарынын ашуға, жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау.

Міндеттері:

-музыка өнері саласында бастауыш кәсіби оқыту;

-оқушыларды концерттік бағдарламалардың әр түрлілігімен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды түрлі деңгейдегі конкурстар мен көрсетілімдерге, фестивальдарға дайындау;

-өнер, мәдениет саласындағы инновациалық технологияларды қолдану арқылы білім беру үрдісін жаңашаландыру;

-мектептің басқару және білім беру жүйесін дамыту;

Оқу түрі: Оқыту екі тілде жүргізіледі – мемлекеттік тіл қазақ тілінде және орыс тілінде. Оқу соңында оқушыларға бітіргені жөнінде арнайы куәлік беріледі.

Музыка мектебі 5 бағытта жұмыс жасайды:

  1. "Домбыра",
  2. "Қобыз",
  3. "Фортепиано",
  4. "Вокал"
  5. «Аккордеон"

Мұғалімдер мен оқушылардың республикалық халықаралық жетістіктері

Мұғалімдер мен оқушылардың республикалық халықаралық жетістіктері

Мұғалімдер мен оқушылардың республикалық халықаралық жетістіктері

«Арқалық қаласы әкімдігі» ММ

«Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ

Арнайы мадақтамалары «Арқа-сазы» этно-фольклорлық ансамблі

«Қобызшылар» ансамблі

«Бірлескен хор ұжымы»


Арқалық қаласының 65 жылдығы және Ө.Жәнібектің 90 жылдығына орай өткізілген «Торғай әуендері» атты аймақтық өнер фестивальі өтті. Фестивальге келген өнерпаздар қала жұртшылығының алдында 4 жанр бойынша өнер көрсетті. Атап айтар болсақ вокал, терме, хореография және аспаптық жанр бойынша өзара бақ таласты. Аспаптық жанр бойынша Бас жүлдені Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары «Арқа сазы» этно фольклорлық ансамбль және 300 000 тг сертификат алды. Вокал жанры бойынша 1 орынды «Сопрано» квинтеті алды және 80000 тг сертификаты табысталды.



Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30  жылдығы мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" КММ-сің 60 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерейлі мерейтойдың шымылдығы мектептің оқушыларынан құралып, мектеп директоры Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна дирижерлық еткен 100 домбырашының орындауындағы "Тепең көк" күйімен ашылып, қала әкімінің орынбасары Аубакиров Түбекбай Габсалыковичтің  құттықтау сөзімен жалғасын тауып, 500 000 теңге сертификат табыс етілді. Өз кезегінде қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қожақова Жанат Хасеновна білім бөлімінің атынан 100 домбыра мен 5 қобыз аспабын тарту етті

Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі КММ-нің 60 жылдық мерейтойына орай арнайы қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған мұғалімдер

Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің халық бөлімінің оқушылары – жас музыканттардың 56-ші облыстық білім  беру фестиваль-байқауы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау  және қосымша білім беру дамыту өңірлік орталығы» КММ ұйымдастыруымен қашықтық форматта "Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің халық бөлімінің оқушылары – жас музыканттардың 56-ші облыстық білім  беру фестиваль-байқауы" болып өткен болатын.Облыстық сырттай байқау 1-18 аралығында өткізілді. Жас айырмашылығы бойынша топтарға бөлініп өткізілген бұл байқаудан біздің мектебіміздің оқушылары  орта жас тобы бойынша домбыра аспабының 4 сынып оқушысы  Қадыр Нұрәли 1-орын, 5 сынып оқушысы Әбдіқадыр Айшабике 3 орын, үлкен жас тобы арасында қобыз аспабының 8 сынып оқушысы Мейрамгалиева Айжан 1 орын, домбыра аспабының 8 сынып оқушысы Жаңбыршы Томирис 3 орындарды иеленді.

Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің халық бөлімінің оқушылары – жас музыканттардың 56-ші облыстық білім  беру фестиваль-байқауының жүлдегер оқушылары мен мұғалімдері

Сәуір айында қала мектептерінде Бақытжан Байқадамов атындағы музыка мектебі оқушыларының өнерлі жас ұрпақтың бойындағы музықалық қабілеттерін айқындап, шығармашылыққа баулу мақсатында «Өнерге қанат қаққандар» атты кәсіби бағыт-бағдар беру концерттік бағдарламасы өткізілді.

"ЖЕҢІМПАЗДАР ШЕРУІ"

Биылғы балалар жылына арналып қаламызда ерекше шара өтті. Яғни, жыл басынан бері білім мен ғылым, өнер және спорт саласында халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардан жүлде әкелген оқушылар мен ұстаздарын марапаттауға арналған «Жеңімпаздар шеруі» болды.Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында өткен салтанатты жиында қала әкімі Әмірхан Біркенұлы  түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларды құттықтап.Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі атынан қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болғандар:

Әбдіқадыр Айшабике Олжасқызы.

Жетекшісі - Қабден Қырмызы Меңдібайқызы.

Мейрамғалиева Айжан Мейрамғалиқызы

Жетекшісі-Хасенова Райхан Мусиловна

Қадыр Нұрәли Азаматұлы.

Жетекшісі- Жусупова Балым Сейтхановна.

 

 

«Қалалық 1000 домбыра» туралы ақпарат

2022 жылдың 03 шілдесінде Ұлттық домбыра күнінің басты жаңалығы қала әкімі Әмірхан Біркенұлының бастамасымен қаламызда  алғаш рет 1000 домбырашының қатысумен күй ойналады. Қалалық білім бөлімінен 500 адам, соның ішінде 170 домбырашы  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан қатысатын болады.Қазіргі таңда мектебіміздегі домбыра аспабының мұғалімдері бекітілген кесте бойынша әр мекемедегі дайындақтарды жіті бақылауда.

Орындалатын күй репертуары төмендегідей:

1.Халық күйі – «Тепең көк»

2.Құрманғазы- «Балбырауын»

3.Халық күйі – «Сал күрең»

4.Д.Нұрпейісова - «Жеңіс күйі»

5.Н.Тілендиев –«Әлқисса»