2022 жылдың қазан айының 21- жұлдызында Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінде Республика күні мен қала күніне орай қалалық "Жұлдыз live" патриоттық әндер байқауы болып өтті.
Қала мектептері бойынша жалпы саны 27 оқушы үлкен, орта, кіші топтарға бөлініп бақ сынасты.
Өнер байқауына Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің директоры Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна;
Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері Сүйінбекова Гүлнұр Тұрғынқызы;
Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының "Тарих және өнер" факультетінің магистрі Кауметова Динара Романовна;
Сольфеджио пәнінің мұғалімі Мамбетов Ержан Ақансеріұлы төрелік етті.
Патриоттық әндерді кеңінен насихаттауды мақсат еткен конкурста мың таланттың ішінен шын таланттар анықталды.
КІШІ ТОПТАН:
Бас жүлде - Болат Ақниет - А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия. Жетекшісі Мырзағалиева Н.А.
1- орын- Баймұрат Кәусар - А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия. Жетекшісі - Тауекелова Д.
2- орын- Бағдатқызы Айерке - Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі- Муханбетжанова Т.С.
3- орын- Кенжахметова Сәбина- №10 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі - Ахметова М.Г.
ОРТА ТОПТАН:
Бас жүлде - Нұрлыбекұлы Арман - Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі - Жүнісов Саят Сардарұлы.
1 орын- Жүсіпбекова Айару- Ы.Алтынсарин атындағы гимназия. Жетекшісі - Сейдеғазин Б.Е.
2 орын - Сәрсенбай Айару- Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі. Жетекшісі - Баяхметова Г.Б.
3 орын - Темірхан Айша- Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі. Жетекшісі - Баяхметова Г.Б.
ҮЛКЕН ТОПТАН:
Бас жүлде - Сақанова Гүлназ - Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі - Муханбетжанова Т.С.
1 орын - Тулеген Нұркелді - Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі - Муханбетжанова Т.С.🥈2 орын - Айманова Аяжан - М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі - Сейдагалиева Ж.Г.
3 орын- Кенжебай Азиза - Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі - Муханбетжанова Т.С.
Жүлделі орындарға Арқалық қаласы білім бөлімінің демеушілігімен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША:
Қабденова Аяла - "Көрермен көзайымы"
Максим Маржан - "Өнерлі жұлдыз"
Исенжол Ерканат - "Талантты жұлдыз" аталымдарын иеленді.
Атсалысқан жас жұлдыздарға Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі басшысының арнайы мадақтамасы табысталды.
https://baikadamov-muzshkola.rka.kz/kz/zhanaly-tar/105-ostanaj-oblysy-kimdigi-bilim-bas-armasyny-ar-aly-alasy-bilim-b-limini-b-baj-adamov-atynda-y-balalar-muzyka-mektebi-kmm-respublika-k-ni-men-ala-k-nine-oraj-tkizilgen-alaly-zh-ldyz-live-atty-patriotty-nder-baj-auy.html#sigFreeId925252e35a









