«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
1-қазан Қарттар күніне арналған біздің мектебіміздің қарт ұстаздарымен кездесу кеші Өткізген: «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ жауапты мұғалімдер Молдажанова Ж.К.Юсупова А.В.
Қайырымдылық пен даналықтың көрінісіндей болған алдыңғы буын ата-апаларымыз бен ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан ардагерлеріміздің құрметіне қазан айының алғашқы жарқын мерекесі де келіп жетті! Сол себепті жылдағы дәстүрімізден жаңылмай, Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі ұжымы атынан Литвинова Нина Сергеевна, Жумабаева Дурияш Мухамеджанова, Әбенов Боранбай Қазыбекұлы, Маевская Татьяна Васильевна секілді мектебімізде ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагер аға-ұстаздарымызға қаржылай сый- сияпатымыз бен бір шоқ гүлімізді тарту етіп, мерекелік құттықтауымызды жеткіздік.
Қымбатты, жаны жайсаң қарттарымыз, сіздердің толайым еңбектеріңіздің, бай тәжірибелеріңіздің, дарқан даналықтарыңыздың алдында басымызды иеміз.









