«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Ұстазым, ұлағатым үлгі-өнегем!» атты мерекелік іс-шара

Өткізген: «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ жауапты мұғалімдер Карибаева А.М.Айдаров Н.Қ.

Алтын күз өзімен бірге адамзат баласының көкірек-санасын ашып, білім нұрын сепкен, шәкіртін білім шуағымен аялай білген Ұстаздар күнін ала келді! Ұстаз-ұлағатты есім. Сондықтан да болар, Б.Момышұлы атамыз "Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз" деген екен. Өз ісіне берілген, жас шәкіртті жатсынбай қабылдайтын, санасына нұр құйып, білім шыңына жетелейтін ұстаздар қауымына Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі ұжымы "Ұстазым, ұлағаттым, үлгі-өнегем" атты концертін арнады.

Концерт барысында мектеп директоры Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна құттықтау сөз сөйлеп, қалалық білім бөлімі басшысының мадақтама грамотасын домбыра аспабының мұғалімі Карибаева Асель Мейрамовна мен қобыз аспабының мұғалімі Утегенова Айбаршын Жамалижановнаға, кәсіподақ ұйымы басшысының марапаттау қағазын мекеме күзетшісі Рахметов Талғат Касымовичке салтанатты түрде табыс етті.

Қатарласа келген Еңбек күні мерекесіне орай, ұстаздарымызбен бірге, мектептің шаруашылық қызметкерлері де қаржылай сый-сияпаттарға ие болды. Әсем ән мен күйге кезек берілген концертіміз мерекелік көңіл күй сыйлады.