Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабы негізінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласының білім бөлімі"  мемлекеттік мекемесінің 2021 жыл 07 қыркүйек айының 232 бұйрығымен Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  "Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды. 

Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна  1965 жылы 11 қарашада Жангелдин ауданы Саға ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Мектеп бітіргеннен кейін, 1983-1987 жылдары Арқалық музыка училищесін қобыз класы бойынша оқып бітіріп, 1987-1991 жылдары облыстық филармония жанынан құрылған "Шертер" фольклорлық-этнографиялық ансамблінде аспапта орындаушы болып жұмыс атқарған.  1991-1995 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын "Музыкалық білім" мамандығы бойынша аяқтап, аталған білім ошағында 1995 жылдан бері "Музыка және бейнелеу өнері" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс атқарады. 

2016-2021 жылдар арасында "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  "Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, жемісті еңбек еткен.

Аяулы жар, үш баланың анасы. 

Жаксыгуль Ибрагимовнаны жаңа қызметімен құттықтап, толағай табыстар тілейміз!