Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы /698 Жарлығымен жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрін жаңғырту мақсатында "Еңбек күні" мерекесі белгіленді. Соған сәйкес,  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" КММ-сінде шағын кәсіподақ жиыны өтті. Мектебіміздің директоры Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна мен кәсіподақ төрайымы Казкенова Ольга Рафкатовнаның қолдауымен, мектеп ұжымында біраз жыл еңбек етіп, күш-жігерін жұмсап, сапалы қызмет көрсеткен шаруашылық қызметкерлері арнайы мадақтамамен марапатталып, қаржылай сыйлық табыс етілді.