Бұл халықаралық атаулы күнді ең бірінші болып кеңестік сазгер, педагог әрі қоғам қайраткері Дмитрий Шостакович ұсынған болатын. Ал ЮНЕСКО шешімімен ресми түрде 1975 жылы 1 қазаннан тойлана бастады. Бұл мерекенің мақсаты – қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы – адамдар және халық арасындағы мәдени құндылықтарды түзу. Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүр,әдет-ғұрыптарында музыканың алар орны ерекше. Өмірге шыр етіп келген сәбиді әлди әнімен үлкен өмірге жетелейді. Қазақы домбыраның қоңыр үнімен сусындап өсіп, әлем таныған әнші-күйші, композиторларымыз қаншама! Музыка адам өмірімен біте қайнасып жатқан ғажайып құбылыс. Сол себепті, бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде танымал композиторлардың музыканы насихаттауға бағытталған шығармашылық кештері мен танымдық көрмелер өтеді. Сол дәстүрден таймай, музыка күні құрметіне, мектебімізде қазақ және шетел композиторларының классикалық туындылары тыңдалды. Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан барша өнер майталмандарын осынау айтулы күнмен құттықтаймыз! Өнер биігінен көріне беріңіздер!










