Қыркүйек айының 23-24 күндері Арқалық қаласының 65 жылдығы және Ө.Жәнібековтің 90 жылдығына орай өткізілген "Торғай әуендері" аймақтық өнер фестивалі өтті. Талайды таңдай қақтырған өнер таланттарының туындыларын халыққа насихаттау мақсатында жоспарланған бұл өнер додасына "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" ұжымы белсене атсалысты. Аймақтық сайысқа әр ауданнан келген өнерпаздардың арасынан оза шауып, күй өнерімен сусындатқан "Қазағымның қазынасы-домбыра" атты күй байқауында "Арқа сазы" қазақ ұлт-аспаптар ансамблі бас жүлдемен қатар ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, көрермен қошеметіне ие болып, орындаушылық қабілеттерімен тыңдармандарды тәнті еткен "Вокал" жанры бойынша "Сопрано" вокалдық квинтеті жүлделі 1 орын иеленді. Қазағымыздың төл өнері тек биікте қалықтай беруін тілеп, әріптестерімізді жүлделерімен құттықтаймыз.
https://baikadamov-muzshkola.rka.kz/kz/zhanaly-tar/87-tor-aj-uenderi-2021-festivali.html#sigFreeId74e70a5d5d









