Қазан айының алғашқы мерекесі Ұстаздар күніне орай білім беру саласына аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар мұғалімдер марапатталды. Соның қатарында, Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы Кабылова Кенжегуль Сайлаубаевна қала әкімі қолынан  "Құрмет" грамотасын алса, өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіндегі жоғары шеберлігі мен белсенділігі үшін әріптесіміз Қабден Қырмызы Меңдібайқызы Арқалық қаласы білім бөлімі басшысының мадақтама грамотасымен марапатталды.

Ұстаз атын ұлықтап жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!