«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30  жылдығы мен «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ-нің 60 жылдық мерейтойына  арналған «Ән жырым саған, туған ел» атты қалалық концерттік іс-шараның

қорытынды есебі

 

Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30  жылдығы мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" КММ-сің 60 жылдық мерейтойы атап өтілді.

"Ән жырым саған, туған ел" деп аталған концерттік іс-шара Арқалық қаласы жасөспірімдер театрында Мектептің мерейтойына арнайы қала әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімінің өкілдері, ардагерлер ұйымы, мектеп басшылары, білім ошағына еңбегі сіңген зейнеткерлер, ұстаздық еткен мұғалімдер мен әр өңірде қызмет етіп жүрген мектеп түлектері келді. Мерейлі мерейтойдың шымылдығы мектептің оқушыларынан құралып, мектеп директоры Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна дирижерлық еткен 100 домбырашының орындауындағы  "Тепең көк" күйімен ашылып, қала әкімінің орынбасары Аубакиров Түбекбай Габсалыковичтің  құттықтау сөзімен жалғасын тауып, 500 000 теңге сертификат табыс етілді. Өз кезегінде қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қожақова Жанат Хасеновна білім бөлімінің атынан 100 домбыра мен 5 қобыз аспабын тарту етті.Концерт соңында білім ошағынан түлеп ұшқан түлектер жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген концерт өз мәресіне жетіп, ән мен күйге сусындаған жұртшылық өз алғыстарын білдіріп, тарқасты.

«Ән жырым саған, туған ел» атты қалалық концерттік іс-шараның өткендігі жөніндегі сілтемесі  (https://www.instagram.com/p/CWpkksyKHPM/?utm_medium=copy_link)

Мектептің мерейлі 60 жылдық мерейтойына қала әкімінің орынбасары Аубакиров Түбекбай Габсалыкович құттықтау сөз сөйлеп, 500 000 теңгелік сертификатты мектеп директоры Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовнаға табыс етті.