«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
"ДЭККО стилі" халық аспаптарында орындалуы
(әлеуметтік желілерде орналастыру)
Домбыра өткен ғасырдың 30-шы жылдары халық аспаптары оркестрінің құрылуының нәтижесі барысында жаңашыл өзгерімтер еніп, дамыған болса, 90-жылдардың ортасына таман күйді, әуенді компьютермен әрлеу домбыраға тың тыныс берді. Бұл- ДЭККО жанры деп аталды. Яғни, домбыра мен эстраданы ұштастырып, күйді компьютерде орындау дегенді білдіреді. Қазақ сахнасына алғаш дэкко жанрын алып келген Жасарал Еңсепов.
Бұл күндері дэкко жанрында өнер көрсетіп жүрген "Ұлытау", "Белес", "Думан" топтарымен қатар, Асылбек Еңсепов, Айгүл Үлкенбаева, Нұржан Тәжікенов сынды өнер майталмандарын байқауға болады. Сол кісілердің ізін басып, үлгі алып келе жатқан мектебіміздің мұғалімдері дэкко жанрын насихаттау мақсатында Аканов Адиль Какиевич пен Шайхин Серікболсын Сейтбекұлы Түркмен халқының күйі "Нар агачи" туындысын халық аспабы домбыра мен гитара аспабының сүйемелдеуімен сіздерге тарту етті. Қазіргі заман талабына сай дэкко жанры ел араласына кең таралып, тыңдарман көңілінен шығуда.
Біздің ойымызша бұл жүйе дұрыс қабылданған, өйткені домбырамен күй шерткенде немесе ән салғанда оған қосымша музыка беріп тұрса, ешқандай артықшылығы жоқ екенін айта аламыз.
("ДЭККО стилі" халық аспаптарында орындалуы сілтемесіhttps://www.instagram.com/tv/CWso4pPKFDl/?utm_medium=copy_link )
https://baikadamov-muzshkola.rka.kz/kz/zhanaly-tar/92-dekko-stili-khaly-aspaptarynda-oryndaluy.html#sigFreeIdc0c03bb463









