«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

Құрманғазының 215 жылдығына арналған

«Күй атасы-Құрманғазы» атты қалалық домбырашылар байқауы

Өткізген: Домбыра бөлімінің барлық мұғалімдері

 

 

          Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кемде емес. Солардың бірі- күй өлкесінде өзіндік өнерімен ерекшеленетін Батыс өңірінің тумасы , ұлы күйші-композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы. 20 қараша күні мектебімізде осы ұлы күйші-композитордың 215 жыл толуына орай  домбыра бөлімінің 3,4,5 сыныптар арасында қалалық домбырашылар байқауы өткізілді.Байқаудың негізі мақсаты Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерімен танысып қана қоймай,бізге қалдырған мол мұрасын әрі қарай жалғастыру. Байқаудың әділ бағасын бағалап, төрелігін анықтайтын қазылар алқасының мүшесінде мектебіміздің директоры Ж.И.Бултирикова,директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.Ә.Сембіғұл,қобыз бөлімінің меңгерушісі Р.М.Хасенова кәсіподақ төрайымы фортепиано аспабының мұғалімі О.Р.Казкенова және сольфеджио пәнінің мұғалімі А.В.Юсупова болды. Конкурсымызды бастамас бұрын, оқушылар ортаға шақырылып!Алтын сандықтан таңдап алған реттік нөмер бойынша өнер көрсетті!

Тыңғылықты дайындығы мен шеберлігін ұштастырып, әділқазылардың оң бағасына ие болған жүлдегерлеріміз:

 3 сынып бойынша:

     1-ОРЫН- Қарсақбай Нұрдәулет. Дәулеткерей- "Түркімен"күйі

     2-ОРЫН Сахан Ерасыл Құрманғазы- "Ертең кетем". Елеусізова Жансая. Халық күйі "Тепең көк".

     3 ОРЫН. Мұратқызы Асылжан Д.Нұрпейісова "Тойбастар".

     Таңатхан Ақерке. Қазанғап "Учитель"

 4 сынып бойынша:

    🏆БАС ЖҮЛДЕ- Қадыр Нұрәли- Құрманғазы "Көк ала ат" күйі

     1-ОРЫН - Нұрбеков Нұржан- Құрманғазы "Адай" күйі.Вовченко Даниель- Құрманғазы "Түрмеден қашқан"

     2- ОРЫН -Шубай Ілияс -Н.Тілендиев "Жекпе-жек" күйі.

     Жүсіпбек Зере- Құрманғазы "Балбырауын" күйі.

     3-ОРЫН - Байғара Ақзере-Құрманғазы "Кісен ашқан"

  5-сынып бойынша:

     1-ОРЫН- Орынтөлеу Қасымжомарт Құрманғазы "Терісқақпай"

     Сайыс соңында байқауда өз өнерімен дараланған оқушылар "Арқалық қаласы білім бөлімі" ММ басшысы Е.Маметековтің арнайы мадақтамасы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Күй атасы-Құрманғазы» атты қалалық домбырашылар байқауының

өткендігі жөніндегі сілтемесі  (https://www.instagram.com/p/CWpkksyKHPM/?utm_medium=copy_link)

   

 

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары     Сембіғұл Н.Ә.