«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Қазақ музыка өнерінің гималайы» тақырыбында

 А.Қ.Жұбановтың 115 жылдық мерейтойына орай

өткізілген   лекция-концерт

Өткізген: «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ-нің барлық мұғалімдері

             «Қазақ музыка өнерінің гималайы-А.Қ.Жұбановқа-115 жыл
Дәл осындай атаумен мектебімізде Ахмет Қуанұлы Жұбановтың шығармашылығына арналған лекция-концерт өтті.
 1934 жылы бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған ұлы тұлғамыз сол оркестрдің көркемдік жетекшісі болып, өзі құрған оркестрге Құрманғазы атамыздың есімін берген.
 Қазақ музыка өнеріне өшпес із, әуезді әуен қалдырған Ахмет Қуанұлы "Қазақ музыкасының қарлығашы" атымен танымал.
 Соған орай Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің шәкірттері Ахмет атамыздың репертуарындағы туындыларды нақышына келтіре орындады. Атап айтсақ,  "Қарлығаш", "Ақ көгершін", "Вальс", "Ария", "Романс", "Көктем" сияқты танымал шығармалары оқушылар мен ұстаздарымыздың орындауында құлақ құрышын қандырды.А.Жұбановтың есімінсіз Қазақстанның музыка мәдениетінің өсуін елестету мүмкін емес.Қазіргі заманғы қазақстандық композиторлық мектептің пайда болуы,ұлттық оркестрлік, опералық және камералық жанрлардың қалыптасуы музыкатану саласындағы алғашқы қазақ академигі,композитор Ахмет Қуанұлы Жұбановтың есімімен тығыз байланысты.

 

«Қазақ музыка өнерінің гималайы-А.Қ.Жұбанов»» атты іс-шараның өткендігі жөніндегі сілтемесі

(https://www.instagram.com/p/CWoCpyAKobN/?utm_source=ig_web_copy_link )

 

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары     Сембіғұл Н.Ә.