«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің халық бөлімінің оқушылары – жас музыканттардың 56-ші облыстық білім беру фестиваль-байқауының қорытындысы
Өткізген: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру дамыту өңірлік орталығы» КММ.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру дамыту өңірлік орталығы» КММ ұйымдастыруымен қашықтық форматта "Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің халық бөлімінің оқушылары – жас музыканттардың 56-ші облыстық білім беру фестиваль-байқауы" болып өткен болатын.Облыстық сырттай байқау 1-18 аралығында өткізілді. Жас айырмашылығы бойынша топтарға бөлініп өткізілген бұл байқаудан біздің мектебіміздің оқушылары орта жас тобы бойынша домбыра аспабының 4 сынып оқушысы Қадыр Нұрәли 1-орын, 5 сынып оқушысы Әбдіқадыр Айшабике 3 орын, үлкен жас тобы арасында қобыз аспабының 8 сынып оқушысы Мейрамгалиева Айжан 1 орын, домбыра аспабының 8 сынып оқушысы Жаңбыршы Томирис 3 орындарды иеленді. Облыстық фестиваль-байқаудың жеңімпаздары Қостанай облысы әкімдігінің «білім басқармасы» ММ грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен, мұғалімдер Қостанай облысы әкімдігінің «Білім басқармасы» ММ байқау жеңімпаздарын дайындағаны үшін арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды. Ұжымымыздың атынан жүлделі орындар алған оқушыларымыз бен еңбегі сіңген ұстаздарымызды құттықтай отырып,шығармашылық табыстар тілейміз
(56-ші облыстық білім беру фестиваль-байқауының өткендігі жөніндегі сілтемесі
https://www.instagram.com/p/CaYxLr9qFNk/?utm_medium=copy_link
https://www.instagram.com/p/CaRFQ7cKC6e/?utm_medium=copy_link
https://www.facebook.com/petrenko.elena.al/posts/518391196374689?__cft__[0]=AZVXUtttyDOF-n6Kqt4e4QN5zHiOQUTELmGiUkx0qjd6Uy1gZv5Y742Pnh9cPGHG1e9Lc-UW5VHyfVQjunR05eKloaEWnHA_qEWsgMNVNYSf-Q&__tn__=%2CO%2CP- )









