«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
Әлемге әйгілі композитор В.А.Моцарттың 265 жылдығына арналған лекция-концерт
Өткізген: Фортепиано бөлімінің ұстаздары
Молдажанова Ж.К.Казкенова О.Р. Юсупова А.В.
Вольфганг Амадей Моцарт - музыкалық мәдениет тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі. Моцарт, өзіміз білетіндей, өте қысқа, небәрі 35 жыл өмір сүрді. Әр бес жыл сайын әлемдік музыкалық мәдениеттің данышпанының мерейтойлары атап өтіледі: 2016 жыл - туған күнінен бастап 265 жыл және қайтыс болған сәттен бастап 225 жыл.
Соған сәйкес мектебімізде фортепиано аспабының мұғалімдері Молдажанова Ж.К, Казкенова О.Р, Юсупова А.В ұйымдастыруымен әлемге әйгілі композитор В.А.Моцарттың 265 жылдығына арналған лекция-концерт болып өтті.
Лекция-концерттің барысында композитордың өмірі мен жеке шығармаларының бірнешеуі атап айтатын болсақ В.А Моцарт «Симфония №40», «Колыбельная», «Весенняя песня», Звучит фрагмент из оперы «Волшебная флейта», «Турецкое рондо», «Сонато Ре мажор в 4 руки» атты маңызды шығармаларына тоқталып, оқушыларға негізгі ақпараттар берілді.
Әлемді мойындатқан композитордың түрлі туындылары тыңдалды.
Юсупова Анна Владимировна оқушыларға Моцарттың шығармашылығы мен өмірінен түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген оқушыларға тәттілер таратылды. Классикалық музыканың, музыкалық ғылымның, музыкалық білімнің барлық деңгейлеріндегі маңызды мәселелерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру міндеттерінің бірін қойып, фортепиано бөлімі қысқа мерзімде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
(Әлемге әйгілі композитор В.А.Моцарттың 265 жылдығына арналған лекция-концерт
Сілтемесі https://www.instagram.com/p/CaHx198KV_L/?utm_source=ig_web_copy_link)
https://baikadamov-muzshkola.rka.kz/kz/zhanaly-tar/98-lemge-jgili-kompozitor-v-a-motsartty-265-zhyldy-yna-arnal-an-lektsiya-kontsert.html#sigFreeIdab4adadde2









