«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Ана тіршіліктің тірегі» тақырыбында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт

Өткізген: Ұжымның ерлер қауымы

Жауаптылар: Аканов А.К. Айдаров Н.Қ. Шайхин С.С.

 

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құрметіне мектебімізде «Ана тіршіліктің тірегі» атты  тақырыбында Ерлер ұжымының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Негізгі мақсат- өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі әріптес ана-қарындастарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау.Концертіміздің басы мектеп директоры Ж.И. Бултирикованың құттықтауынан басталып,арнайы Арқалық қалалық білім бөлімінің  мадақтамасымен мектебізде көп жылдан бері еңбек етіп жүрген, аяулы ана К.Б.Тулендина марапатталды, ары қарай кәсіподақ төрайымы О.Р. Казкенованың  кәсіподақтың ақшалай конвертері аруларымызға табысталды.Қырмызы қыздарымыздың құрметіне Қапан Олжастың орындауында «Анашым» әнімен жалғасты. Айдаров Нұрханның Сүгірдің «Ыңғай төк» күйі орындалып әрі қарай, қазіргі таңда хиттардың бірі болып жатқан «Шағала» атты әнге Рахметов Талғат ағайымыз ерекше пародия жасап, жақсы көңіл күй сыйлады. Әннің соңынан ілесіп «Детство» күйі Ерлер қауымынан құралған ансамблдің орындауында ойналды.Бүгінгі кеш өздеріңізге арналады деп орыс тілінде Аканов Адильдің орындауында «Мама» әні ерекше елен еткізіп көпшілікке тебірентер ой салды. Концерт соңы Ансамбльдің сүйемелдеуімен Қапан Олжастың «Нурикамал» әнімен аяқталды. Аналарымызды сыйлап, құрметтейікші деп кеш соңы арнайы ханымдардың құрметіне дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.Кештен алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы тілектер айтылып, әндер шырқалып, осынау халықаралық мерекенің қай кезде де орны бөлек, өйткені Ару-ана өмірдің әркез асылдары деп кешімізді осындай ұлы сөзбен қорытындыладық.

«Ана тіршіліктің тірегі »» атты іс-шараның өткендігі жөніндегі сілтемесі

https://www.instagram.com/p/Ca81jdQqCwu/?utm_medium=copy_link